Журналист Махамбет Әбжан 9 жылға сотталды

Ол қамалар алдында Тоқаевтың жиен інісі туралы жазба жариялаған


03/02/2023
17:28 21846 0

3 ақпанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында журналиске үкім оқылды. 

 

Әбжанға «көрінеу жалған ақпарат тарату» (274-баптың 3-бөлігі) және «бопсалау» (194-баптың 4-бөлігі, 2-тармағы) баптары бойынша айып тағылған.

39 жастағы журналист әрі блогер Махамбет Әбжанды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі былтыр 3 шілдеде тұтқындаған. Агенттік «ол бір кәсіпкерден 50 миллион теңге бопсалады» деп хабарлаған. Әбжан тағылған айыптарды жоққа шығарған.

Әбжан былтыр қамауға алынардан екі күн бұрын телеграм-арнасында өзін қаралайтын жалған ақпараттар таралып жатқанын жазған еді.

Ол кейінгі жазбаларының бірінде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жиен інісі Қаныш Ізбастиннің «ықтимал активтері» туралы жазба жариялаған. Мәселе криптовалюта өндіретін ферма жөнінде болып отыр.

Поделиться

Нет комментариев.

03/02/2023 17:28
21846 0

Уведомление